Қазақстан Қытаймен шекарада жүгері өңдейтін зауыт салып, артық өндірілген астық мәселесін шешуі шеше алады. Мұндай идеяны Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев ұсынды, деп хабарлайды World of NAN.
Ол дәстүрлі түрде үлкен көлемде жүгері өсіріліп келген өңірлерде жүгері өңдеуді ұлғайту шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Жүгеріні терең өңдеуді ұйымдастыру үшін Жетісу өңіріне инвесторлар тарту, фермерлердің тыңайтқыш, тұқым, жанар-жағармай сатып алу шығындарын субсидиялау және жеңілдікпен қаржыландыру рәсімдерін жеңілдету қажет. Дәнді дақылдарды өңдеу үлесі мен дайын өнім өндіру көлемін арттыру үшін «Қорғас» АЭА аумағында жаңа зауыт салу қажет. Облыс ең ірі тұтынушы Қытаймен шектеседі», - деді депутат.
Сонымен қатар, оның пікірінше, субсидиялар дайын өнім массасына емес, егістік алқабына қарай берілсе тиімді болады, сонымен қатар мемлекеттік қолдау ережелеріне биоэтанол өндірісін қосу қажет. Одан бөлек шекаралас елдерге экспорттау тізіліміне енгізу үшін облыстағы кәсіпорындарға тексеру жүргізу қажет.
Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының фермерлері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда жүгері өндіретін ең ірі өндірушілер болып есептеледі.
«Сонымен қатар, облыстағы жүгері көлемінің 85 пайызын жеке кәсіпкерлер, шаруалар мен шаруа қожалықтары өсіреді. 600 мың тоннадан астам жүгері жиналды, ал зауыттардың өңдеуге шамасы жетпей, бар болғаны 200 мың тоннадан сәл астам өнім шығара алды. Шикізат бағасы төмен болып, егіннің бір бөлігін егістікте қалдыруға тура келді», - деп, Қожасбаев баса айтты.
Оның айтуынша, жүгері өңдеу өнімдеріне ішкі нарықта да, көршілес экспорттық нарықтарда да сұраныс бар. Бұл ретте жүгеріні терең өңдеудің өнеркәсіптік қуаты жеткіліксіз, көлемінің 35%-ға жуығы Жаркент крахмал-сірне зауытында өңделеді, ал қалғаны шикізат ретінде сатылады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение