Мәзір

Бұдан былай вагондар тұрып қалғаны үшін он еселенген алым қолданылмайды

30.07.2024
Бұдан былай вагондар тұрып қалғаны үшін он еселенген алым қолданылмайды

Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жөндеу мақсатымен вагондарды ажырату кезіндегі 10 еселік алымды алып тастау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл бизнеске 700 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды World of NAN.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС вагондардың межелі станцияда тұрып қалуының барлық жағдайы үшін 10 еселік алым алады. Бұл жүк тиелген және бос вагондарға да қатысты. Ережеге сәйкес, мұндай төлем жүк станцияға келген сәттен бастап 48 сағат өткен соң алынады.

Енді он еселік алым қолданылмайды. Сонымен қатар, бұл төлем үшін жауапкершілік шегінің мерзімін белгілеу бастамасы қолдау тапты: 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін алым қолданылмайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии