Мәзір

Диқандар астық жинаудағы проблемаға байланысты несие мерзімін ұзартуды сұрады

12.09.2023
Диқандар астық жинаудағы проблемаға байланысты несие мерзімін ұзартуды сұрады

Қостанай облысындағы диқандардың айтуынша, егіс алқабында жағдай өте нашар: дән масақтан көктеп өніп, тек мал азығына жарамды болып қалған. Фермерлер сапасыз бидайды жинаудың мәнісін де көрмей отыр. Олар егістік жұмыстарын жүргізуге алған несиені өтей алмай қалудан қорқады. Бұл туралы World of NAN порталы Atameken Bussiness телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығында мұндай ауыр жағдай соңғы рет қашан болғаны диқандардың есінде жоқ. Жиналмаған астық көктеп, ұзақ жауған жаңбыр оны жинауға кедергі келтіріп жатыр. Диқандардың айтуынша, бұдан былай сапалы астық болмайды, қалғаны мал азығына кетеді не болмаса қырманда шіриді.

«Мемлекет биыл сыныпқа жатпайтын бидайды алуға жақсы баға бекітпесе, онда ештеңе көмектеспейді. Егіс алқабын босату қажеттігін есепке алмасақ, бізге мұндай бағамен астық жинаудың қажеті бар ма?» - дейді диқан Бейбіт Қойшыбаев.

Фермерлер банкроттық туралы шындап ойлап, несиені төлеу мерзімін ұзартуды сұрап жатыр. Жемдік бидай 40 мың теңгеге бағаланып жатқандықтан, оларда төлейтін ештеңе болмайды.

«Несиені төлеу мерзімін ұзарту туралы айтатын болсақ, ешқандай жағдайда бір жылға ұзарту туралы айтпау керек. Кем дегенде екі жылға ұзарту қажет. Бірақ келесі жылы несие алу үшін тағы да кепіл мәселесі туындайды. Тиісінше, не істеу керек? Не кепілдік болуы керек, не лимитті көтеру керек», – дейді диқан Светлана Михайленко.

Ауыл шаруашылығы министрлігі зардап шеккен фермерлерге жәрдем көрсету жолдарын қарастыра бастады. Мәселені жылдам шешу үшін төтенше жағдай жариялау қажет болуы мүмкін. Қазір ведомство оның механизмдерін зерттеп жатыр.

«Біз Төтенше жағдайлар министрлігінің ережелеріне қосылдық. Өңірлік ауқымдағы, облыстық ауқымдағы, өңіраралық, республикалық ауқымдағы ТЖ дегеніміз не, онда мұның бәрі бар », - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі Егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Несиені ұзарту немесе қайта құрылымдау туралы әрбір өтініш жеке негізде қаралса, бұл фермердің несие тарихына әсер етеді. Оған келесі жылы айыппұл да салынады. Қазір аймақтағы шаруаларға жалпы бюджеттік несиенің мерзімін ұзарту мәселесі Аграрлық несие корпорациясымен бірге шешілуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии