Мәзір

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 6%-ға дейін артады, деп мәлімдеді Е. Қарашөкеев

18.10.2021
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 6%-ға дейін артады, деп мәлімдеді Е. Қарашөкеев

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғастырылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы лизингінің бағдарламалары кеңейтіледі. Бұл туралы брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды World of NAN ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4-тен 6%-ға дейін артатын болады.

«Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдық қадағалау жүйесін құру, сондай-ақ тұқым шаруашылықтарын қазіргі техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен тұқым шаруашылығын дамыту жоспарлануда. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау, агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының материалдық-техникалық базасы мен қызметін жетілдіру көзделген», – деп атап өтті Е.Қарашөкеев.

Кешенді шаралар жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктен 98  ға дейін, минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін  29%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, деп есептейді ведомство басшысы. Нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артатын болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии