Мәзір

Елордада екі жылыжай, КТО, көкөніс қоймасы салынуда

10.09.2021
Елордада екі жылыжай, КТО, көкөніс қоймасы салынуда

Қазақстан астанасының инвесторлар үшін тартымдылығы жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылы рекордтық көлемде инвестиция – 1 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 7 айында – 504 млрд теңгеден астам, ұқсас кезеңмен салыстырғанда өсім 9% құрайды, деп хабарлайды қала әкімі А.Көлгіновтің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына сілтеме жасап World of NAN.

Қала басшысының айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 55 млрд теңге сомасына тағы 40 жобаға қолдау көрсетілді. Тартылған инвестициялар есебінен қуаттылығы жылына 10 мың тонна болатын 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құрылысты аяқтау 2022-23 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 5 мың тонна нан-тоқаш комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

 

Инвестициялық қаражатқа қуаттылығы жылына 6 мың тоннаға дейін көкөніс қоймасы салынуда. Пайдалануға беру келесі жылға жоспарланған. Өңірлік инвестициялық кеңес аясында жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын өндірістік-тамақ кешенінің құрылысына да қолдау көрсетілді.

«Пандемияға қарамастан, өткен жылы да, осы жылы да біз инвестиция көлемін азайтып қана қоймай, оны ұлғайта алдық. Инвестициялар тарту бойынша инвестициялық кеңестер өткізу жүйелі негізге ауыстырылды. Сонымен қатар, Astana Invest инвестиция тарту бойынша өңірлік фронт-офис жұмыс істейді, онда инвесторларды «бір терезе»қағидаты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінен өту кезінде толық сүйемелдеу жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде 18 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 150-ден астам жоба қолдау тапты», - деп атап өтті А.Көлгінов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии