Мәзір

Е. Қарашукеев Павлодар облысына барды

20.09.2021
Е. Қарашукеев Павлодар облысына барды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Е.Қарашукеев Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдың делегациясы құрамында жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Министр егін жинау барысымен, жел электр қондырғысының жүйесімен, сүт-тауар фермасының, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ ғылыми зертханаға барды, деп хабарлады World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Е. Қарашукеев картоп, көкөніс және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын «Тимур» шаруа қожалығының алқаптарын аралап шықты.

«14,6 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділік 9,3 ц/га құрайды. Өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, шамамен 18,8 млн тонна астық бөлуге жарамды. Осылайша, Қазақстан астыққа деген ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті министр.         

Жылыжай кешенінің қызметімен танысу барысында ведомство басшысына жылыжай өнімдерін өндіру бойынша ағымдағы жағдай және одан әрі даму перспективалары ұсынылды.

«Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында жылыжайларды салу кезінде шығындардың бір бөлігі өтеледі», – деді Е. Қарашукеев.

Вируссыз картоп тұқымын өсіруге арналған биозертхананың жұмысымен танысқан ауыл шаруашылығы министрі ауыл шаруашылығы жүйесінің тиімділігі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мен мал шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген әдістері мен тәсілдеріне негізделуі тиіс екенін атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии