Мәзір

Экология министрі ылғал сүйгіш дақылдарды көп еккен диқандарды сынады

15.08.2023
Экология министрі ылғал сүйгіш дақылдарды көп еккен диқандарды сынады

Түркістан облысындағы фермерлер биылғы маусымда күріш егістіктерінің аумағын он есе арттырған. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ылғал сүйгіш дақылдарды көптеп еккен диқандардың үстінен шағымданды. Оның айтуынша, осыған қарамастан Түркістан мен Қызылорда облыстарына су барынша мол көлемде жеткізіліп жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.                  

«Биыл негізінен су өте аз болды. Сондықтан біз вегетациялық кезеңге дайындық кезінде барлық облысқа, соның ішінде Түркістан мен Қызылорда облыстарына судың нормадан әлдеқайда аз болатынын хабарлап, осыған байланысты ылғал сүйгіш дақылдардың егістігін азайтуды сұрағанбыз. Өкінішке қарай, мысалы, (Түркістан облысының) Жетісай және Мақтаарал аудандарын алып қарайтын болсақ, бұл аймақтардағы күріш егістігінің көлемі жоспардан 10 есе көп, яғни жоспарланған 275 гектардың орнына 3 мың гектар жерге күріш егілген», - деді министр үкімет отырысында.

Ол күріштің гектарына орташа есеппен 20-30 мың текше метр су қажет екенін түсіндірді.

«Дара дақылды егістік көлемі (монокультура) өте көп болса, бүкіл диқанға бір уақытта өте көп су қажет. Бізде фермерлер дара дақыл өсіретіндіктен, атап айтқанда, шілде айында судан бас тартқан кездер болды, олар бізге қазір судың қажеті жоқ, суды бөгей тұрыңыз, кейін қажет болады деп айтты. Бірақ бұл мүлде дұрыс емес, өйткені біз әр вегетациялық кезеңге жоспарлы өсірілетін дақылдарға қарай кесте жасаймыз», - деп түсіндірді Зүлфия Сүлейменова.                          

Экология министрінің айтуынша, 2023 жылы елімізде мақта алқаптары – 5 мың гектарға, күріш егістігі Түркістан облысында – он есе, Қызылорда облысында – 10 мың гектарға ұлғайған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии