Қазақстандағы 60 құс шаруашылығына Экологиялық Кодекске енгізілген өзгеріске байланысты жабылу қаупі төніп тұр. Бұл мәселені бүгін Мәжілістің отырысында депутат Аян Зейнуллин көтерді, деп хабарлайды World of NAN.
Депутаттың түсіндіруінше, Экология министрлігі Экологиялық Кодекс талаптарының бірін кейінге қалдырмаса, құс өндірісіне қауіп төніп, сала толығымен тоқтап қалуы мүмкін. Құс өсірушілер билік органдарынан бір жылдай уақыттан бері көмек күтіп келеді.
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Экологиялық Кодекстің бірінші санаттағы объектілер қызметінің зардаптарын жоюға қаржылық қолдау көрсетуге қатысты талаптарының күшіне енуі құс өсірушілерге күрделі мәселе болып отыр. Бұл талап бойынша, шаруашылық қызметін тоқтатқаннан кейін қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін, келешекте туындауы мүмкін қауіптердің шығынын өтеуі керек.
Депутат өткен жылдың мамыр айында құс өсірушілер Экологиялық Кодекстің осы нормасына байланысты көмек сұрап, Мәжіліске жүгінгенін айтты. Өтініш барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен комитет отырысында қаралған еді. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі сала өкілдеріне нақты қолдау көрсеткен.
«Осы кодекстік норманы енгізу 60 құс шаруашылығы кәсіпорнын жабу және тұтастай алғанда саланы толығымен тоқтату қаупін тудырады», - дейді Зейнуллин.
Бизнес өкілдері осы мәселе бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге де үндеу жолдаған. Олар проблеманы жан-жақты баяндап, норманы енгізу кезіндегі тәсілдер мен салдарларды егжей-тегжейлі қарастыру үшін бұл шараны енгізуді кейінге қалдыруды ұсынды. Бұл мәселеге Экология министрлігі де ресми жауап берген. Ведомство Экологиялық Кодекске түзетулер әзірленіп, ұсынылатынын хабарлаған еді.
Алайда арадан бір жыл өткеніне қарамастан осы мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылданбаған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение