Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығын (ҚҚС) 12 пайыздан 16% немесе 18%-ға дейін көтеру отандық өндірушілерге қалайша тиімді болатынын түсіндірді. Мекеменің айтуынша, ҚҚС-тың көтерілуімен бірге бюджетке келетін кірістер мөлшері артып, сонымен қатар, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеті күшейе түседі. Бұл туралы World of NAN порталы Курсив сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ведомство өкілі Қазақстандағы 12% ҚҚС мөлшерлемесі әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі екенін айтады. Мысалы, көрші Ресейде 20 пайыздық ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады. Ұлттық экономика минситрлігінің мәліметінше, біздегі ҚҚС-тың төмен мөлшерлемесі Ресейден Қазақстанға тауар экспорттауды тиімді етеді.
«Мәселен, өнім Ресейде шығарыса, тауар бағасына 20% ҚҚС кіреді. Қазақстанға тауар экспорттау кезінде нөлдік мөлшерлеме қолданылып, бұрын төленген 20% ҚҚС экспорттаушыға қайтарылады. Ал Қазақстанға кірген сәтте бұл өнім үшін 12% ҚҚС төленеді. Осылайша Ресейде қайтарылған ҚҚС-тың қалған 8% мөлшері тауар иесінің «қалтасында» қалады. Бұл соманы өнімді ілгерілетуге, яғни жарнамаға, ең жақсы есептегіштерді алуға, демпингке және т.б. жұмсауға болады. Яғни, ҚҚС мөлшерлемесіндегі айырмашылық ресейлік өндіріс тауарларына артықшылық беріп отыр», — деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.
Бұл жағдай қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізуде, - дейді Ұлттық экономика министрлігі. ҚҚС мөлшерлемесі көтерілсе, импорттық тауарларға жүктемені арттыру арқылы Қазақстан ұтады.
«Бұл жағдайда Қазақстанда ҚҚС 16%/20% мөлшерінде төленеді, яғни 4%/8% алым Қазақстан бюджетіне төленеді. Сонымен бірге еркін ақша есебінен болған шығындар енді тауар құнының өсуіне байланысты болады. Осылайша, импорттық тауарлардың құны қымбатырақ болады», - деді ведомстводағылар.
Бұл ретте қазақстандық тауарлардың бағасы көтерілмейді, өйткені жергілікті тауар өндірушілерге арналған жеңілдіктердің барлығы сақталады», - деп түсіндірді министрлік. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары ҚҚС-тан босатылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерін (ет, нан, қант, сары май, мал азығы және т.б.) өндірушілерге ҚҚС сомасы 70%-ға азайтылады, яғни олар 30%-ын ғана төлейді. Басқаша айтқанда, оларға ҚҚС шамамен 4% мөлшерінде болады. Сондай-ақ құрақ қантының импорты ҚҚС-тан босатылған.
2019 жылдан бастап Ресейде ҚҚС мөлшері 18%-дан 20%-ға дейін көтерілді. Ел билігі бюджетке келетін кірістер 620 млрд рубльге дейін артатынын айтқан болатын. Бірақ ҚҚС-тың көтерілуімен бірге бірқатар тауарлардың бағасы да көтерілді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение