Мәзір

Тәжірибелік шаруашылықтың экс-төрағасы 200 млн теңге субсидияны жымқырған

08.02.2024
Тәжірибелік шаруашылықтың экс-төрағасы 200 млн теңге субсидияны жымқырған

Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыруды анықтады. Бұл жөнінде World of NAN облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған. 

Аталған факт бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізілуде.

Сотпен бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии