Мәзір

АШМ вице-министрі бұрынғы министрдің орынбасары болып тағайындалды

09.02.2024
АШМ вице-министрі бұрынғы министрдің орынбасары болып тағайындалды

Кеше Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек қызметінен кеткені хабарланған еді. Бүгін ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды. Жамбыл облысын бұрынғы ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев басқарады. Осылайша Әбілхайыр Тамабек бұрынғы басшысының командасына қосылды, деп хабарлайды World of NAN.

Жамбыл облысы әкімдігі таратқан ақпаратта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деп жазылған.

Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы министрлігіне 2022 жылдың сәуір айында келген еді, осы сәттен бастап ол министрдің орынбасары қызметін атқарып келді. Ол Жамбыл облысының тумасы, 2015 жылы Халықаралық Бизнес Университетін «бағалау», Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әзірше оның орнына Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі лауазымына ешкім тағайындалмады.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии