Кеше 2023 жылдың қаңтар-қараша айларындағы сыртқы сауда бойынша жаңартылған деректер жарияланды, World of NAN редакциясының сарапшысы ет экспорты мен импортының қалай жүріп жатқанын көруді ұйғарды.
Өткен жылдың 11 айында Қазақстан 153 миллион долларға 53 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттаған. Бұл бір айды есептемегеннің өзінде 2022 жылғы 46 мың тонна көрсеткіштен жоғары, десек те ол кезде еттің экспорты 156 миллион доллар тұратын. Яғни, орта есеппен ет және ет өнімдері 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға арзан сатылды. Оған себеп – экспорты екі есеге жуық өскен арзан құс еті. 2023 жыл құс етінің экспорты бойынша кем дегенде соңғы 5 жыл ішіндегі рекордтық кезең болды.
Басқа ет түрлері (сиыр, қой еті) 5-6 пайызға қымбаттады. Орта есеппен сиыр етінің келісі 4,88 доллардан, қой мен ешкі еті 4,2 доллардан сатылды. Сиыр еті бойынша 2022 және 2023 жылдары экспорт 2019-2021 жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болғанын көруге болады. Ол кезде сиыр етінің экспорты жылына шамамен 6-7 мың тонна болса, қазір ол 16-18 мың тоннаға жетіп отыр.
2023 жылдың 11 айында ет және ет өнімдерінің импорты 214 мың тоннаға немесе 370 млн долларға жетті. Біз ет өнімдерінің айтарлықтай көлемін (61 мың тонна немесе 151 млн доллар) импорттаймыз. Жалпы, ет және ет өнімдерінің сауда балансы теріс болып шығады. Оның негізгі себебі құс етінде жатыр, оның импорты 2023 жылдың 11 айында 133 мың тоннаны құрады. Алайда 2019-2020 жылдармен салыстырғанда құс етінің импорты шамамен 12-13%-ға қысқарды.
Экспортталмайтын шошқа және жылқы етінің елеусіз импорты да теріс сауда балансына аздаған үлес қосып отыр. Құс етінен басқа, көбіне шұжықтар мен ет консервілерінен тұратын ет өнімдері импортталады. 2023 жылдың 11 айында Қазақстан 41,5 мың тонна шұжық пен 17 мың тонна ет консервілерін сатып алды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение