Мәзір

Төлдейтін малды экспорттауға тағы да тыйым салынбақ

05.06.2023
Төлдейтін малды экспорттауға тағы да тыйым салынбақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан ірі қара және ұсақ мал басын жарты жылға әкетуге тыйым салып, сондай-ақ 12 айдан асқан бұқа мен 6 айдан асқан қошқарларға сандық шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұйрық жобалары мемлекеттік органдардың келісімінде жатыр деп хабарлайды World of NAN.

Бұл шаралар бірінші кезекте елдің мал шаруашылығы саласын дамыту үшін қажет. Атап айтқанда, бұрын қолданыста болған осыған ұқсас шектеулер малдың барлық түрлері бойынша аналық мал санының өсу қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2023 жылғы 1 қаңтарда ІҚМ саны 2,5% өсті, бұл ішкі нарықтың етпен қамтамасыз етілуіне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ, ет өңдеу көлемі 7,7% өсіп, 176,7 мың тоннаға жетті.

Сондай-ақ, соңғы 5 жылда мал шаруашылығы саласын қолдауға 556 млрд теңге, оның ішінде етті мал шаруашылығын дамытуға 211 млрд теңге бөлінді. 

Бұған қоса,  саланы субсидиялау бөлігінде кейбір өзгерістер жоспарланған. Мысалы, жаңа қағидалар жобасында етті мал шаруашылығындағы қолданыстағы 7 бағыттан 2 бағытты алып тастау көзделген.

Атап айтқанда, асыл тұқымды бұқаны ұстауды субсидиялау (бұқалар мен қошқарларды жалға алу) және тұқымдық тегіне сәйкес келетін импортталған аналық ірі қара мал басын сатып алу жойылады.

2022 жылы етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығына арналған субсидияның жалпы көлеміндегі субсидияның аталған түрлерінің үлесі небәрі 4,1% немесе 2,4 млрд теңгені құрады. 

Бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау нормасы жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты, сондай-ақ сатып алынған асыл тұқымды өсірушінің құнын субсидиялау құралының болуы себебінен алынып тасталды, осылайша бір бағытқа 2 түрлі қолдау құралы бағытталған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии