Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда өткен жылы дәнді дақылдар (оның ішінде күріш) және бұршақ дақылдары арасындағы өнімділік 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда гектарына 10,4 центнерден 13,8 центнерге дейін өсті. Бұл туралы World of NAN порталы EnergyProm мониторинг сайтының есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2022 жылы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, көкөніс, тамыржемісті және түйнек дақылдарының өнімділігі гектарына 241,2 центнерден 242,9 центнерге дейін өсіпті. Оның ішінде ашық жердегі көкөністердің өнімділігі гектарына 268,1 центнерден 271,4 центнерге, бақша дақылдарының өнімділігі гектарына 252,7 центнерден 257,6 центнерге, қант қызылшасының өнімділігі 305 центнерден 382,1 центнерге дейін артты. Картоп өнімділігінің төмендеуі байқалды: гектарына 207,5 центнерден 205,3 центнерге дейін.
Бір қызығы, Хабар24 агенттігінің хабарлауынша, ғалымдар Қазақстанда топырақ құнарлығы 30% төмендеді деп сендіреді. Оның себебі егіс егу кезінде ауыспалы егіс технологиясын сақтамау болып табылады-мыс. Алайда материалда төмендеу байқалған кезең де, қаралып отырған өңір де көрсетілмеген.
Өңірлер бойынша 2022 жылы көкөніс, тамыржемісті және түйнек дақылдарының ең жақсы өнімі Павлодар облысында байқалды: гектарына 285,2 центнер, дегенмен бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7% аз. Үздік үштікке Жетісу (285,1 ц/га) және Жамбыл (282,9 ц/га) облыстары да кірді. Өнімнің төмендеуі бес облыста байқалды: жоғарыда аталған Павлодар облысынан басқа, Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.
Дәнді және бұршақ дақылдарының ең жоғары өнімділігі Қызылорда облысында байқалды: гектарына 45,3 центнер, дегенмен бір жыл бұрынғыдан 5% аз. Одан кейін Алматы (33,6 ц/га) және Жетісу (26,2 ц/га) облыстары. Өнімнің төмендеуі Қызылордадан басқа Павлодар және Қарағанды облыстарында да байқалды. Айта кетерлігі, бұл екі облыстағы өнімділік көрсеткіші республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің қатарында.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение