16 маусым күні Сенаттағы Үкімет сағатында ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі жүн және тері өндірісінің жағдайы туралы айтып берді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, ІҚМ тері өндірісі 3,4 млн дананы құраған, оның 14% өңделіп, 5,2% экспортталды, ал қалған 81% өңделмеген қалдық. Бұл жайлы World of NAN хабарлайды.
Министр Қарашөкеевтің айтуынша, бүгінде теріні қайта өңдеу саласында 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Сұраныс болмағандықтан, өткен жылы ұсақ мал терісін өңдеу және экспорттау жүзеге асырылмаған. Ол былғары шикізатының экспортын тежейтін фактор ретінде 1 тоннаға 200 еуро экспорттық баждың болуын айтады.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске экспорттық баж толығымен алынып тасталды, ал ІҚМ бойынша 100 еуроға дейін төмендетілген. Бұдан басқа, инвестициялық субсидиялар қағидаларына былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды салуға және жаңғыртуға салынған инвестициялардың 25% өтеуді көздейтін жаңа паспорт енгізіледі.
Шикізатты қайта өңдеудің дамымау себептерінің бірі – оның сапасының төмендігі және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының да, экспорттаушылардың да талаптарына сәйкес келмеуі. Министр бұл мәселені 15 маусым күні отандық мал өсірушілер – “Шопан ата” ұлттық агро-қозғалысы ұйымдастырған дөңгелек үстелде де айтқан болатын. Еліміздегі малдың басым бөлігі арнайы зауыттарда емес, үй шаруашылығында сойылатындықтан, тері дұрыс шарттарда сақталмайды немесе теріні сыпыру кезінде жиі бүлінеді.
Қарашөкеев бұған шешім ретінде желатин немесе жемшөп қоспаларын өндіру сияқты терінің сапасы маңызды емес өндірістерді дамытуды ұсынады. Қазіргі уақытта республика бойынша желатин өндіру үшін ІҚМ терісін қайта өңдейтін 3 кәсіпорын және жемшөп қоспаларын өндіру үшін ұсақ мал терісін қайта өңдейтін бір зауыт ашу жоспарланған. Ірі қара мал терісінің қосымша көлемін өңдеу үшін малға жемшөп қоспаларын дайындау жобаларына инвесторлар іздестіріліп жатыр.
Жүнді қайта өңдеудегі проблемалар теріні қайта өңдеу проблемаларына ұқсас, мұның да себебі шикізат сапасының төмендігімен байланысты. Жүннің басым бөлігі жайылымда жайылатын малдан алынатындықтан, оның сапасы тым нашар болады: ішінде шаң-тозаң мен тікенектердің көптігі оны пайдлануға жарамсыз етеді. Министрдің айтуынша, республикада жыл сайын 40 мың тоннаға жуық қойдың жүні өндіріледі, оның тек 33% қайта өңдеуде пайдалануға болады. Ақпан айында министрлік жүн экспортына кедендік баждарды алып тастауға бастамашы болды.
Бұл мәселенің шешімі -- ірі және жартылай биязы жүнді өңдейтін кәсіпорындарды құру болып отыр. Мәселен, Ақтөбе облысында жылу оқшаулағыш материалдарды дайындау үшін қуаты жылына 2,1 мың тонна ірі жүнді қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосу көзделген.
Сондай-ақ, қазіргі сәтте Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ғалымдары ірі және жартылай биязы жүнді жылыжай шаруашылығына гидропоника ретінде пайдалану технологиясын жасау бойынша зерттеулер жүргізіп жатыр. Зерттеу нәтижесінде технологияны өнеркәсіптік өндіріске көшіру жоспарланып отыр. Ел ішінде ірі және жартылай биязы жүнге сұраныс артып, оны өңделген өнім түрінде экспорттау мүмкіндігі артады деп күтіліп отыр, деп түйіндеді министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение