Мәзір

Елімізде құрғақшылық қаупі төнген аумақтардың ауданы ұлғая түсті

26.06.2024
Елімізде құрғақшылық қаупі төнген аумақтардың ауданы ұлғая түсті

Қазгидромет шілде айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады. Құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы біртіндеп ұлғайып барады. Бұл жөнінде World of NAN Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтіледі. Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында; Қарағанды облысының Шет ауданында; Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында; Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында; Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында; Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында; Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында; Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында; Атырау облысының басым бөлігінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтілуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии