Еліміздің оңтүстік өңірлерінде мажарстандық Water&Soil компаниясының топырақ ылғалын сақтайтын жаңа өнімі сынақтан өтеді. Бұл туралы World of NAN су министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Венгриялық Water&Soil топырақтағы ылғалды сақтау үшін органикалық препарат әзірлейді. Компания өкілдерінің айтуынша, препарат суару көлемін 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.
Алдағы уақытта Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі суару алқаптарында препарат сынақтан өтеді. Сонымен қатар компания өкілдері Қазақстанда өз өнімдерін шығаратын зауыт ашуға ниет білдіріп отыр.
«Қазақстанның оңтүстігінде өнімділікті төмендетпей, суармалы суды үнемдеу үшін озық су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Осы мақсатта жетекші шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, отандық шаруалар тарапынан бұл әзірлемеге үлкен сұраныс болады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение