Мәзір

Еліміздегі ең ірі жылыжай 1 млн доллар шығынға ұшырауы мүмкін

08.01.2024
Еліміздегі ең ірі жылыжай 1 млн доллар шығынға ұшырауы мүмкін

Екібастұздағы «Greenhouse Qaztomat» жылыжайынан өсімдік карантині мамандары Tobamovirus — қоңыр қатпарлы вирусын анықтады. Ұйымның жылыжай кешені 30 гектар аумақты қамтиды. Ол өндірген қызанақтар еліміздің Small және Magnum сияқты ірі сауда желілерінде тұрақты сатылады. Бұл туралы World of NAN порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы қызанақтың құрамынан қоңыр қатпарлы вирус штамдары табылғанын растады. Облыстық инспекция басшысының орынбасары Арман Шүйкеновтің айтуынша, желтоқсан айында жылыжай басшылығына алғашқы ұйғарым жіберілген. Қазіргі сәтте қайтадан сынама алынып жатыр.

«Сынамалардың барлығын Астанадағы республикалық өсімдіктер карантині орталығына жөнелткенбіз. Қазір нәтижесін күтіп отырмыз. Егер зертхана вирустың таралғанын растаса, жылыжайдың әлгі гибридті қызанақтар егілген жерін толық құртуға тура келеді», – дейді инспектор.

Дегенмен жылыжай басшылығы инспекцияның ұйғарымымен келіспейді. «Greenhouse Qaztomat» ЖШС-нің директоры Аңсат Жанатаевтың айтуынша, жылыжайда өсірілген қызанақтың жаңа сорты жуықта Нидерландыдан жеткізілген. «Гибридті сорттың тұқымына тобамавирусқа қарсы вакцина егілген, сондықтан оның құрамында қоңыр қатпарлы вирустың штамдары болуы мүмкін», – дейді ол.

Жергілікті инспекцияның ұйғарымы орындалатын болса, жылыжайдың үштен екісі карантинге жабылып, кәсіпорын адам айтқысыз шығынға ұшырауы мүмкін. Тек жаңа сортты сатып алуға серіктестік 100 млн теңге жұмсаған. Ал сатып алынған технология мен барлық шығындар есептелсе, еңбек ұйымы жалпы сомасы 1 млн АҚШ доллары көлемінде шығынға батады.

Жылыжайдағы көкөністер жасанды жарықтандыру арқылы голланд технологиясы бойынша қорғалған топырақта өседі. Ал тұқым толықтай Нидерландтан, өсімдіктерді тозаңдандыруға арналған аралар Англиядан жеткізілген.

(ToBRF) — қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы ең алғаш 2015 жылы Иорданияда тіркелген. Tobamovirus бүгінде әлемдегі жылыжай саласы үшін өте қауіпті. Ол Израильде, Мексика мен Қытайда, кейіннен АҚШ пен Еуропа елдеріне тарап кетті. Бұл вирус қызанақ пен бұршақ егетіндер үшін өте қауіпті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии