Мәзір

Еліміздің 5 аймағы қысқы жем-шөпті әлі әзірлей алмай жатыр

31.08.2023
Еліміздің 5 аймағы қысқы жем-шөпті әлі әзірлей алмай жатыр

Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректеріне сәйкес, елімізде 20,7 млн тонна жем-шөп дайындалды. Яғни жоспарланған көлем 82,7%-ға орындалған. Дегенмен Қазақстанның бес облысында мал азығын дайындау бойынша төмен нәтиже байқалады. Павлодар (38,1%), Шығыс Қазақстан (57,2%), Атырау (57,9%), Батыс Қазақстан (58,8%) және Абай облыстарындағы дайындалған жем-шөп мөлшері республикалық деңгейден төмен болып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы аптаның басында Ауыл шаруашылығы министрлігі жемшөппен қамтамасыз ету және жедел әрекет етуді үйлестіру жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

«Шөп қоры бойынша көшбасшылар – Түркістан (100,9%), Қостанай (100,0%), Жамбыл (97,2%), Солтүстік Қазақстан (93,1%) және Ақмола (92,7%) облыстары», - дейді министрлік.

Вице-министр Аманғали Бердалин Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің жыл басынан бері жемшөп дайындауды субсидиялауға қарастырылған 11,7 млрд теңге субсидия көлеміне қосымша 10,1 млрд теңге бөлетінін хабарлады.

Министрліктің хабарламасында облыс әкімдіктеріне қыстайтын жерлерге жем дайындау және тасымалдау жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау, бұл ретте бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылғаны жазылған.

Сонымен қатар, отырыста фермерлерді жемшөп дайындау жұмыстары кезінде жеңілдікті дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланғаны айтылады. «Ұлытау облысының әкімдігіне жем дайындауға бөлінген арзандатылған дизель отынының көлемін төлеу және іріктеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау жүктелді», - дейді министрлік.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии