Енді қазақстандық кәсіпкерлердің бизнес немесе ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін өз бетінше таңдауға мүмкіндігі бар. Ал оған кедергі келтіретін шенеуніктерге айыппұл салынады. Жер кодексіне жер учаскелері бойынша аукцион өткізуден бас тартқан лауазымды тұлғаларға 30-60 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастыратын өзгертулер енгізілді. Бұл туралы World of NAN порталы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (ҰКП) сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Заң бойынша, кәсіпкерлікке немесе ауыл шаруашылығына арналған жер тек аукцион мен конкурстар арқылы берілуге тиіс. Кәсіпкерлер әкімдік аукцион өткізген жағдайда ғана жерді ала алатын. Оның үстіне, таңдау әкімдіктің аукцион мен конкурсқа өз бетінше қойған жер телімдерінің тізімімен ғана шектеліп келді.
2018 жылдың мамыр айында Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп, әкімдіктерді кәсіпкерлік субъектілерінен өтінім түскен учаскелерді үш ай ішінде аукционға қоюды міндеттеді. Кәсіпкер әкімдікке нақты жер телімін беру туралы өтінішпен жүгінсе және мұндай жер учаскесін аукцион арқылы беру қажеттілігіне байланысты бас тартылса, әкімдік 90 күн ішінде учаскені аукционға шығаруға міндетті. Алайда, ҰКП атап өткендей, норма жұмыс істемеді, өйткені шенеуніктер оны орындамаған жағдайда еш жауапқа тартылмайтын. Сонымен қатар, ол ереженің ауылшаруашылық жерлеріне қатысы болмады.
Ұлттық палата жүргізгін анализге сүйенсек, тек Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында бір жыл ішінде кәсіпкерлердің 58 өтінімі бойынша әкімдіктер тарапынан жер учаскелерін беруден бас тартылған. Бұл ретте олардың ешқайсысы Жер кодексінде белгіленген 90 күн мерзім ішінде сауда-саттық жүргізбеген. Бұл ситуация сыйбайлас жемқорлық тәуекелдерін көбейтті, өйткені кәсіпкерлер әкімдіктің қызметкерлеріне нақты учаскені сауда-саттыққа немес конкурсқа қоюға өтінішпен жүгінуге мәжбүр болды.
«Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаменті директорының орынбасары Ернұр Әбжанның айтуынша, енді шенеуніктер жоғарыдағы ережені бұзғаны үшін жауапқа тартылады.
«Бірінші бұзушылық жасалса 30 АЕК (103,5 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл ішінде екінші бұзушылыққа жол берілсе, 60 АЕК (207 мың теңге) салынады. Қазіргі кезде жауапкершілік үшін нормалар күшіне енді және белгіленген 90 күн өтті. Енді жер инспекторлары талап орындалып жатыр ма, жоқ па, тексеріп жатыр. Жауапкершілік белгіленген соң 2018 жылдан бері «қолданылмаған» норма іске асатын болады. Кәсіпкерлер жария кадастр картадан бос учаскені таңдау арқылы сауда-саттық немесе конкурсты өткізуді өзі бастамалай алады», - дейді ол.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение