Еуропалық Одақ жақын күндері Ресей мен Беларусь астығына тоннасына 95 еуро көлемінде баж салығын енгізеді. Еурокомиссия сонымен қатар Ресейлік майлы дақылдар мен олардың өңделген өнімдерінің импортына баж салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы World of NAN порталы Financial Times газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
FT материалында жаңа баж салығы ресейлік астыққа деген сұранысты айтарлықтай төмендетуге көмектесетіні, өйткені оның бағасы 50%-ға өсетіні айтылған. 2023 жылы ЕО елдері Ресейден 4 миллион тонна астық импорттаған, бұл жалпы еуропалық тұтынудың шамамен 1% құрайды.
Газет ресейлік тыңайтқыштарды әкелуге тыйым салу әзірге талқыланып жатпағанын, кем дегенде көпшілік алдында талқыланбағанын айтады. Мұның себебі түсінікті - өйткені осындай әрекет Ресейден келетін арзан тыңайтқышқа тәуелді Германия, Польша, тағы да басқа бірқатар мемлекеттегі фермерлер арасында наразылықтың жаңа толқынын тудыруы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение