Тағы 38 қазақстандық ауылшаруашылық кәсіпорны ҚХР Бас кедендік әкімшілігінің (БКӘ) тізіліміне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кепілдігімен енгізілді. Бұл туралы в Facebook-те Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гульмира Исаева хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай Халық Республикасы Бас кедендік әкімшілігімен жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша,«Қытай Халық Республикасының реестріне енгізілген өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарының 15.06.2020 жаңартылған тізбесі» деп ресми сайтта 38 қазақстандық кәсіпорындар тізімі жарияланды, - деп жазды Г.Исаева.
Вице-министрдің ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кепілдігімен жаңартылған тізімде келесі өсімдік дақылдарын өндірумен және өңдеумен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар бар: жүгері - 5, арпа - 21, соя - 8, рапс өнімі- 4.
Осылайша, бүгінгі таңда ҚХР-дың БКӘ тізілімінде 20 қазақстандық жүгері, 85 - арпа, 30 - соя, 12 - рапс өндірушілері енгізілген.
Сонымен бірге, аталған жаңа тізімге 109 элеватор кәсіпорыны кіреді.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение