Мәзір

Қазақстандық 86 АӨК кәсіпорны өнімдерін Қытайға экспорттай алады

30.07.2020
Қазақстандық 86 АӨК кәсіпорны өнімдерін Қытайға экспорттай алады

Қазақстандық 86 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің фитосанитарлық карантиндік қызметінің кепілдік беруі бойынша 86 қазақстандық кәсіпорын Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімдерін сату құқығына ие болды», - деп жазды вице-министр Facebook-те.

Ол ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың арқасында зығыр тұқымын өндіретін 78 қазақстандық кәсіпорын және фитосанитарлық карантиндік қызметтің кепілдігімен бидай ұнын шығаратын 8 кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы беретін кәсіпорындар тізіліміне енгізілгенін атап өтті.

Осылайша, бүгінгі таңда ҚХР - ға бидай ұнын 94 қазақстандық кәсіпорын (оның ішінде 64-і ҚР АШМ кепілдігімен енгізілген) және зығыр тұқымы бойынша 103 кәсіпорын (оның ішінде 78-і ҚР АШМ кепілдігімен енгізілген) экспорттау құқығына ие болды.

Гүлмира Исаеваның хабарлауы бойынша, ҚХР БКБ тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 486 қазақстандық кәсіпорын жазылды: бидай ұны – 94, бидай кебегі - 23, жүгері - 20, арпа - 85, соя бұршағы - 30, рапс шроты - 12, жоңышқа шөбі - 9, зығыр тұқымы - 103, мал жеміне арналған ұн шығаратын - 1 кәсіпорын кірген.

Сонымен қатар, элеваторлардың (АҚК) тізімі жаңартылды, оған 109 компания енді.

Сондай-ақ Гүлмира Исаева осы бағыттағы жұмыстың одан әрі  жасалып жатқанын айтты. ҚР АШМ кепілдігімен бидай кебек, жоңышқа, жемге арналған ұн өндірісі бойынша кәсіпорындарды тізілімге енгізу күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай Қазақстаннан әкелінетін сүт өнімдерін экспорттаушылардың тізімін кеңейткен болатын.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии