Қазақстанның ет өндірушілері мен қытайлық импорттаушылар құны 75 млн АҚШ доллары сомасына үш келісімге қол қойды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрі Айдарбек Сапаров қытайлық CITIC Construction және Beijing Capital Agro компанияларының басшылығымен кездесті. Кездесуге қазақстандық ет өндірушілер де қатысты. Отырыстың соңына қарай отандық «Meat processing and Servis company», «Agro Silk Way», «Астана Агро Продукт» ЖШС ҚХР компанияларымен ет экспортына, сондай-ақ тірі мал жеткізуге үш келісімшартқа қол қойды. Келісімдердің жалпы құны – $75 млн.
«Қытайға экспорттың негізгі көлемі дәнді және майлы дақылдарға, түрлі майларға тиесілі, бірақ біз мал шаруашылығы өнімдері есебінен экспорт көлемін ұлғайтуға үлкен әлеуетті көріп отырмыз», - деді министр.
Ал қытайлық компаниялардың өкілдері Қазақстанмен сиыр еті мен тірі мал сатып алу тұрғысынан ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Beijing Capital Agro компаниясы 2030 жылға дейін етті мал шаруашылығы саласына 600 млн доллардан астам инвестиция салуға ниетті. Жоба аясында бордақылау алаңдары құрылады, 600-ден астам фермерлік шаруашылық пен жұмыс істеп тұрған бордақылау алаңдары іскерлік әріптестікке тартылады. 3500-ден астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың ақпанында Қытай Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен ет өнімдерін экспорттау бойынша шектеулерді алып тастады. Ал маусым айында сиыр етінің бірінші партиясы ҚХР-ға экспортталды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение