Мәзір

Еттің бағасы көтерілді, бірақ тұтыну азаймады

07.06.2024
Еттің бағасы көтерілді, бірақ тұтыну азаймады

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 27,2 мың тонна ет өндірілген, көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 11,4 пайызға артық. Бұл жөнінде World of NAN порталы energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Ел бойынша Ақтөбе облысы ет өндіруден көшбасшы болды. Мұнда 4,8 мың тонна ет және ет өнімдері шығарылып, өндіріс көлемі бір жыл ішінде 24,9%-ға ұлғайған. Алғашқы бестікке Қостанай (4 мың тонна), Солтүстік Қазақстан (3,7 мың тонна), Павлодар (3,6 мың тонна) және Ақмола (2,5 мың тонна) облыстары да кірді.

Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан 40,6 миллион долларға 15,5 мың тонна жас, мұздатылған және салқындатылған ет пен еттің субөнімдерін экспорттаған. Физикалық мәнде экспорттың көлемі 61,7%-ға қысқарып, бірақ ақшалай кіріс бірден 3,2 есе өсіпті.

Қазақстан ТМД елдеріне 14,9 мың тонна өнім жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғыдан 59,2%-ға аз. Мұнда негізгі бағыттар Ресей (8,1 мың тонна), Өзбекстан (4 мың тонна) және Қырғызстан (2,2 мың тонна) болды.

Басқа елдерге 621,3 тонна ет экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84,5 пайызға аз. Иранға 194,8 тонна, БАӘ-ге 169 тонна, Катарға 162 тонна, Кувейтке 57,3 тонна, Сауд Арабиясына 38,2 тонна өнім жөнелтілді.

2023 жылы Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 80,1 кг құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артық.

Бұл ретте қазақстандықтардың ет және ет өнімдеріне жұмсаған шығыстары бір жыл бұрынғыдан 12,6 пайызға артып, жан басына шаққанда орта есеппен 168,9 мың теңгеге жетті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии