Cүт және сүт өнімдерін өндірушілер кәсіпорынның сүт сатып алуы үшін Петропавлдағы «Eurasian Milk» ЖШС зауытымен кездесті. Бұл жөнінде World of NAN Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жақында нарықтағы қиын жағдайға байланысты жергілікті сүт-тауарлы фермалар жұмысын тоқтататынын мәлімдеген еді. Алайда мәселе шешімін тауып, жағдай реттеле бастаған сыңайлы. Eurasian Foods Corporation ірі өңдеуші холдингінің еншілес кәсіпорны фермерлерден сүт сатып алу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Нарықта импорттық арзан өнімдердің артуына байланысты фермерлердің өңдеу кәсіпорындарына сүт шикізатын сатуы айтарлықтай азайды. Өңделген өнімді өткізудегі қиындықтарға байланысты зауыттар жергілікті сүтті сатып алуды тоқтата бастады. Бұл үкіметтің бүкіл ел бойынша сүт-тауарлы фермалар салу жөнінде ірі жобаны іске асыра бастауымен тұспа-тұс келді.
Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, жеңілдетілген қаржыландыруды көздейтін бағдарлама тиімсіз болып, оған жұмсалған қаражат босқа кетуі мүмкін.
«Қазақстан нарығына импорттық арзан өнімдердің ағылуына байланысты өңдеушілер тұтынушыларын жоғалтуда. Дегенмен, көршілес елдерден келетін сүт өнімдері сапалы бола бермейді», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Талқылауға қатысқан «Eurasian Milk» компаниясының өкілі бұл мәселеден хабардар екенін, оны шешуге кірісуге дайын екенін жеткізді. Дегенмен қазіргі уақытта зауыт сүтті міндетті түрде сатып ала бастайды деп айту мүмкін емес, өйткені шикізат сапасына баға беру қажеттігін атап өтті.
«Жеткізушілер үшін белгілі бір ережелер бар. Шикізатпен танысу керек. Қазір өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Бірнеше жыл ішінде күнделікті 120 тонна сүт көлемінен бірнеше есе асатын көлемге көшуді көздеп отырмыз. Біз құрғақ сүтпен жұмыс істемейміз. Біз ферма сүтінің сапасын зерттеуге дайынбыз, содан кейін шешім қабылдаймыз», – деді серіктестік бас директорының орынбасары Сергей Кузьменков.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение