Өткен аптада Еуропалық Комиссия гендік өңделген дақылдар туралы ережелерді жеңілдету ұсыныстарын жариялады. Бұл Жаңа геномдық әдістер (New Genomic Techniques) деп аталатын рұқсаттар мен реттеулерге жол ашуы мүмкін. Гендік түзетуден өткен өсімдіктер құрғақшылық пен аптап ыстық сияқты климат өзгеру құбылыстарына төзімді бола алады, деп World of NAN порталы Euronews арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еуропалық Комиссияның пікірінше, бұл инновациялар климаттың өзгеруіне немесе паразиттерге төзімді өсімдіктерді дамытуға мүмкіндік береді. NGT (жаңа геномдық әдістер) азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, тұрақтылықты қамтамасыз ете алады, осылайша тұтынушылардың игілігіне жұмыс істейді.
Euroseeds өсімдік шаруашылығы қауымдастығының басшысы Гарлич фон Эссеннің пікірінше, геномдық әдістерді пайдалану арқылы аз уақытта барынша мол әрі барынша арзан өнімге қол жеткізуге болады. Бұл фермерлер мен тұтынушыларға тиімді болмақ.
Жаңа геномдық әдістің негізгі ұстанымы – өсімдік түріне басқа тіршілік түрлерінің геномын қоспай, өсімдік сұрыпының өз геномдарын мутациялау. Комиссияның пайымынша, мұндай әдіс пестицидтердің өсімдік шаруашылығында пайдаланылуын екі есе азайтуы мүмкін.
«Бірнеше жыл бұрын Еуропаның жоғарғы соты шешім шығарып, жаңа геномдық әдістердің ГМА (гендік модификацияланған ағза) екенін анық айтты. Мұның барлығы заңды, саяси, ғылыми тұрғыда реттелген», - дейді Friends of the Earth Europe экологиялық ұйымының жетекшісі Муте Шимпф.
«Әзірге олардың табиғатқа, адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтайтын және ол әсерді нақтылайтын зерттеулер саны шектеулі. Көбелектер мен аралар, тозаңдандырушылар туралы ойласаңыз, оларға геномдық әдістердің әсер етіп немесе әсер етпейтіні туралы толыққанды зерттеулер жүргізілген жоқ және біз оларды [геномдық әдістерді] табиғатқа қоймай тұрып негізгі қауіпсіздік тексерулерін жүргізуіміз керек деп ойлаймыз», - дейді ол.
Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар таңбалау талаптары мен қауіпсіздік бақылауын алып тастау туралы Еуропалық Комиссияның ұсынысы тұтынушылар мен өндірушілерге ашықтықтың болуына кедергі келтіретінін айтады.
Әзірше пікірталастарға жол ашылды, енді Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен Еуропарламент осы жаңа технологияларға қатысты өз пікірін білдіруі керек.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение