БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары желтоқсандағы баяндамасында 2023 жылы жаһандық бидай өндірісінің болжамын 787 миллион тоннаға дейін арттырды, бұл бір ай бұрын күтілгеннен 2 миллион тоннаға дерлік жоғары, бірақ өткен жылғы болжамнан 2,1 пайызға (17,1 миллион тонна) төмен. Бұл туралы World of NAN порталы ФАО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Өткен аймен салыстырғанда өсім негізінен Ресей Федерациясы мен Түркиядағы өндіріс көлемінің жоғарылауымен байланысты, соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, егін жинау бұрынғы күткеннен жоғары болды. Сонымен бірге маусымның соңында қолайсыз ауа-райы қалыптасқан Аргентина мен Бразилияда астық өндіруге қатысты болжамдар аздап төмендеді», - делінген хабарламада.
2023/24 жж (шілде-маусым аралығы) әлемдік бидай саудасының болжамды көлемі өткен аймен салыстырғанда іс жүзінде өзгермей, 194,1 млн. тоннаны құрайды. Түркия мен Украинаның экспорттық болжамдары жоғарылағанымен, Аргентина мен Бразилия және ЕО экспорты төмендеді.
Үкімет ұсынған дерек бойынша, биыл Қазақстанда 11,5 млн тонна бидай жиналды. Былтыр бұл көрсеткіш 16,4 млн тоннаны құраған. Былтыр бидайдың өнімділігі 12,8 ц/га болса, биыл 8,6 ц/га көлеміне дейін төмендеген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение