Мәзір

ФАО және Қазақстан шегірткемен бірлесе күреседі

28.07.2023
ФАО және Қазақстан шегірткемен бірлесе күреседі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Қазақстанға шегірткемен күресуге көмектеседі. Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Римге жасаған жұмыс сапары аясында талқыланды, деп хабарлайды World of NAN.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Е.Қарашөкеев ФАО-ның шегірткеге қарсы халықаралық орталығында болып қайтқан. Орталық алаңында зиянкестермен күрес саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланыпты.

Атап айтқанда, дрондарды пайдалана отырып, жәндіктерді анықтау аумақтарының мониторингін енгізу туралы сөйлескен. Бұл болашақта жерді фитосанитариялық өңдеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді.

АШМ басшысы сондай-ақ Еуразия өңіріндегі табын зиянкестерімен күрес мәселелерін неғұрлым жедел және тиімді шешуге жәрдемдесетін ФАО-ның шегірткелер жөніндегі  тұрақты комиссиясын құру идеясын қолдады.   

Айта кетейік, Австралия мен Марокко шегірткелермен күресудің озық тәжірибесіне ие.

“Ербол Қарашөкеев министрліктің қазақстандық мамандарды Мароккоға оқуға жіберу жоспары барын хабарлады, сондай-ақ ведомствода тәжірибе алмасу үшін марокколық сарапшыларды біздің елге шақыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр”, - дейді министрліктің хабарламасында.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии