«Запорожье Агро» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Запорожье кентінде дәрігерлік амбулатория салды. Бұл жөнінде World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабын аралап, егіннің сапасына оң бағасын беріп, өну қарқынының жоғары екенін атап өтті. Диқандарға ауа-райы жақсы болып, астық болсын деген тілегін білдірді. Сондай-ақ дәрігерлік амбулаторияны аралап, медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, жансақтау бөлімінің кілтін табыс етті.
Айтпақшы, дәрігерлік амбулатория бес ауылдың 3 мыңнан астам тұрғынын қамтитын екі учаскеге қызмет көрсетеді. Медициналық ұйымның штаты 12 адамды құрайды. Фельдшерлік-акушерлік пунктте тіс дәрігері кабинеті, күндізгі стационарда 8 төсек орын бар.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение