Мәзір

Фермерлерге мемлекет көмегіне иек артуды доғаратын кез келді

29.05.2024
Фермерлерге мемлекет көмегіне иек артуды доғаратын кез келді

Несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сенім артқан фермерлер тағы да опық жеп қалды, деп хабарлайды World of NAN.

Фермерлер нарықтық шарттармен несие алған, бірақ пайыз бойынша субсидияға қол жеткізе алмағандықтан, қарызға батуға мәжбүр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы субсидия төлеу мәселесі бірнеше айдан бері шешілмей жатқанын растады.

«Субсидияланатын тұсын қаржыландыруға қаражаттың үнемі жетіспеуі қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне, несие өнімі құнының өсуіне әрі қарыз алушының бюджеттен қаражат бөлінгенге дейін толық пайыздық мөлшерлемені өтей тұруы үшін бос айналым қаражатының болуы қажеттігіне әкеледі. Бұл ретте төлемдерді төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілсе, қарыз алушы Субсидиялау бағдарламасына қатысушы болудан толықтай шығады», - деді «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Еркен Наурызбеков.

Әсіресе биыл бұл бағдарлама үшін жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі өткір болып тұр, өйткені 2023 жылы мемлекеттік органдардың сыйақы мөлшерлемесінің құнын төмендету жөніндегі міндеттемелері толық көлемде орындалмаған. Қолда бар мәліметтер бойынша, биылғы жылға қосымша қажеттілік 100 миллиард теңгеден асады. 2024 жылға бөлінген қаржы игерілді. Ал қосымша қаражат бөлу мәселесі жақын арада шешімін таппаса, диқандар егін егу кезеңінде коммерциялық мөлшерлемемен төлеуге мәжбүр болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии