Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов фермерлердің су ұңғымасын бұрғылау шығындары субсидияланатынын айтты. Бұл туралы World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрлік шаруаларды су үнемдеуге және оны тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында бірқатар қолдау іс-шараларын енгізді.
«Атап айтқанда, шаруалардың ұңғыма бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын шаруаларға түсіндіріп, тығыз байланыста болуы керек»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ол әрбір өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған алқаптардың көлемін ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгіленгенін айтты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение