Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өткен салалық кеңесте фермерлер бруцеллезге қарсы күресте мал өсірушілерді қолдау қажеттігін айтты. Дегенмен мемлекеттік органдардың ойынша, вакцинацияны қаржыландыру ет экспортына шектеу қойылуына апаруы мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.
Фермерлердің айтуынша, мемлекеттік органдар оларға бруцеллезге қарсы екпені өз қаржысымен жасауы қажет екенін хабарлаған. Халықаралық стандарттарға сүйенсек, вакцинация мемлекет есебінен жасалса, онда экспортқа жол жабылады. Мемлекеттік органдардың түсіндіруінше, оның қисыны мынадай: егер мемлекет осы ауруға қарсы шаралар қабылдайтын болса, онда Қазақстан – бруцеллез тұрғысынан қолайсыз ел. Осыған байланысты мал өсірушілер мұндай ауруға қарсы мемлекет есебінен күресе алмайды.
Дегенмен фермерлер бруцеллезге қарсы күресті тиянақты жүзеге асыру үшін мемлекеттің жәрдемі қажет екенін айтады.
«Біздің елде бруцеллезге қарсы вакцинация бөлігінде қолдау жоқ. Кейінірек экспортқа шыға алмайтындығымыздан деп айтасыздар. Бірақ экспортқа АӨК субъектілерінің санаулы бірліктері, оның ішінде ірі шаруашылықтар шығады. Алайда, бәлкім, бұл жұмысты өздері жүргізетін шығар (әр кәсіпкер өзін-өзі қамтамасыз етуі керек). Сонда олар өз өнімін қалай экспорттап жатыр?» – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені салалық кеңесінің төрайымы Гүлзира Қазылова.
Фермерлер сонымен қатар өңірде мал сою алаңдарының жеткіліксіз екенін айтты.
Осыған дейін Павлодар облысының прокуратурасы өңірдің ветеринария бөлімшелерінен көптеген былық анықтаған еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение