Қазақстандық фермерлер көктемгі егіс маусымы басталар тұста проблемаға тап болды. Тұқым тапшылығы туындап, баға шамамен екі есеге жуық көтеріліп кеткен. Осының салдарынан күзде жиналатын астықтың сапасы нашар болуы мүмкін. Бұл туралы World of NAN порталы 24kz арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақмола облысының фермері Евгений Рыжков өткен жылы жауыннан соң бидай сапасын жоғалтып, дән көктеп шыққанын, ал енді тұқым тапшы болып отырғанын айтады. «Ресейлік бидай – 200 мыңнан және одан жоғары. Оның үстіне кез келген тұқымдық материал аудандастыруды қажет етеді, сондықтан біз жай ғана сатып алып, себе алмаймыз. Бәлкім, бұл климаттық жағдайға байланысты біздің ауданға сәйкес келмейтін шығар», - дейді Рыжков.
Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары фермерлері арасында жүргізген сауалнамасы бойынша, өңірлерде бидай тұқымының бағасы сорты мен репродукциясына қарай тоннасына 150 мың теңгеден басталады. Элиталық сұрыптар қымбатырақ – 200 мың теңгеден басталады.
«KazGrain» экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Зейнолла Әбдуманаповтың түсіндіруінше, тұқым жетіспегендіктен былтырғы астықты қайта егіп жатқан фермерлер аз емес. «Яғни, несие желісінің жоқтығына, тұқымның қымбаттығына байланысты биыл қолда бар тұқымды, яғни сапасыз бидайды егеді. Ал мұның бәрі 2024 жылдың күзіне, егін жинау кезеңінде – қандай сапада, қандай астық жинаймыз дегенге әкелуі мүмкін», - дейді сарапшы.
Парламент депуттары былтыр күзде-ақ тұқым қорын алдын ала дайындап, Ресейден сатып алуды ұсынған еді. Алайда шенеуніктер оған еш назар аудармаған. Одан бөлек, депутат Аян Зейнуллиннің ойынша, күзде төтенше жағдай жарияланғанда мұндай мәселе туындамас еді», - деді депутат.
«Азық-түлік корпорациясы тұқым қорына 4 мың тоннадан астам тауарлық бидай сатпақшы. Бірақ менің ойымша, олар сол арқылы фермерлерге қосымша қиындық тудырады, өйткені сорттар араласып кетеді. Төтенше жағдайды енгізбеген жергілікті атқарушы органдардың кінәсі бар. Бұл фермерлерге екінші деңгейлі банктерден алған несиелерін пролонгациялауға көмектесер еді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидай сатып алу мақсатында Үкімет резервінен «Азық-түлік корпорациясы» арқылы 31,3 млрд теңге бөлінген. Министрлік жағдай ушықпаған, елімізде тұқым қоры жеткілікті деп сендіріп отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение