Еліміздегі ең ірі астық өндіруші облыс – Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығы әлдеқашан төтенше жағдай басталып кеткенін айтады. Соған қарамастан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен үкімет жағдайды тұрақтандыруға әрекет етпей отыр: дағдарысқа қарсы бағдарламалар кешені жоқ. Бұл жөнінде World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Мәселені шешуді фермерлерге лақтыру жалғасып жатыр. Биылғы қиын жағдайда фермерлер бар ауырлықпен жалғыз күресіп келеді, агроөнеркәсіптік бизнестің тартымдылығы жоғалып кетті. Біз осыған дейін төтенше шаралар қажет екенін бірнеше рет айтқанбыз», - дейді қауымдастық.
Өңір диқандары Азық-түлік корпорациясының 2023 жылдың қазан айында жарияланған бағамен сыныпқа жатпайтын астықты тікелей сатып алуды кем дегенде 3 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы айтып келеді. Енді бұл мәселеге егін сапасы туралы мәселе де қосылған.
«Біз тең емес жағдайда тұрмыз: әуелі лицензиясы бар элеваторлар олардың өну, ылғалдылық және астықтың басқа көрсеткіштері бойынша талаптарын белгілесе, енді азық-түлік корпорациясы бұрынғы талаптардан ерекшеленетін өз талаптарын қойды. Бұл мәселеде мемлекеттік стандарт әзірлеген сапа көрсеткіштеріне сәйкессіздік бар», - деп қосты қауымдастық.
Олар қарама-қайшы талаптарға байланысты бұл стандарттарды орындау іс жүзінде мүмкін болмай қалғанын айтады. Қауымдастықтың пікірінше, Азық-түлік корпорациясы астықты сатып алу көлемін ұлғайтып, сапаға қойылатын талаптарды жеңілдетуі қажет. Әйтпесе онсыз да ылғал астықты кептіру, тасымалдауға шығынданған фермерлер шығынға батуы мүмкін. Мұндай жағдайда фермерлер мемлекеттен көмек емес, керісінше, «жаза» алғандай болады. Өйткені тауарын арзанға сатып алып, қымбатқа сататын трейдингтің құрбаны болмақ.
Өткен аптада Азық-түлік корпорациясы тікелей сатып алу келісім-шарттары бойынша 2023 жылғы өнімге арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасын жариялады. 4-сыныпты бидай 105 мың теңге, 5-сыныпты бидай 70-90 мың теңге, сыныпқа жатпайтын бидай 50-70 мың теңге аралығында. Сыныпқа жатпайтын бидайды жеткізген кезде жеткізуші микотоксиннің құрамы бойынша сынақ актісін беруге міндетті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение