Мәзір

Фермерлер қоймадағы пиязын сата алмай отыр

18.03.2024
Фермерлер қоймадағы пиязын сата алмай отыр

Өткен апталарда қазақстандық фермерлер былтыр жинаған пиязын экспортқа шығара алмай, оған тиісті инфрақұрылым әзірлеп бермеген көлік министрлігін кінәлаған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы World of NAN министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 160 мың тоннаға жуық сатылмаған өнім бар. Оның 138 мың тоннасы Жамбыл облысында, 22 мың тоннасы Алматы облысында.

Былтыр қазақстандық пияз өндірісі артқанына қарамастан импорттаушылар тарапынан 2023/2024 маусымында сұраныстың төмендеуі байқалды. Ресей аумағы арқылы Балтық жағалауы мен Грузияға жөнелтуді жоспарлау кезінде көлік логистикасы мәселесі пияз қорларының жиналуына және бағаның төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар, жылы ауа-райының келуімен қоймаларда пиязды сақтау мәселесі де туындады. Бұл ретте тоңазытқыш жабдығы бар мамандандырылған қоймалар жоқ. 

Министрліктің мәліметінше, еліміздегі пияздың жылдық өнімі 1,1 млн тонна деңгейінде, ал тұтыну орташа есеппен 315 мың тоннаны құрайды.

«Сонымен қатар, алдыңғы жылдары пияздың жеткілікті өндірілуіне қарамастан, бағалар үнемі көтеріліп отырды, әсіресе маусымаралық кезеңде. Фермерлердің ірі көтерме сауда орындары мен базарлардағы делдалдарға пияз сатқаннан кейінгі кезеңде бағаның айтарлықтай өсуі байқалуда. 2023 жылғы егін жинау жұмыстарының басында көтерме бағалар, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша бұрынғы деңгейге оралды - килограмына 132-134 теңге болса, 2024 жылдың басында бағалар килограмына 107-114 теңгеге дейін төмендеді», - дейді министрлік.

Сонымен қатар, нарық қатысушыларының ақпараты бойынша, өткен маусымнан айырмашылығы, 2023 жылдың күзінің басынан бастап пиязға сұраныс айтарлықтай төмендеді және шаруалар пиязды бір килограмына 40 теңге нарықтық бағамен сата алмады. Осы уақытқа дейін көптеген фермер пиязды сатуға шешім қабылдап, ұсыныстарын арттырған кезде, бағалар килограмына 15-20 теңгеге дейін төмендеді.

Қалыптасқан жағдайды шешу үшін және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мынадай жұмыстар жүргізуде:

1) ЖАО-ға ӘКК-де сатып алуды ұйымдастыру үшін көлемдер мен бағалар ұсынылатын АШТӨ тізімдері, сауда объектілері және т. б. жіберілді.;

2) СИМ, Қазтрейд ішкі және сыртқы нарықтарда пиязды өткізуді ұйымдастыру туралы хаттар жолданды;

3) СІМ-мен пиязды Пәкістанға өткізу мәселесі пысықталуда, сондай-ақ Қазақстанның елшіліктері жаңа өткізу нарықтарын іздестіруде;

 4) "ҚазАгроЖамбыл" Бірінші халықаралық көрме-форумы шеңберінде өңірлердің ӘКК-мен Жамбыл облысының пияз өндірушілерінің кездесулерін өткізу жоспарлануда.

Осылайша, ведомство ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу және елдегі фермерлерді қолдау бойынша жұмысты жалғастырады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии