Фермерлердің айтуынша, жаңадан жасақталған үкімет ауыл шаруашылығы саласына ауыр соққы жасағалы тұр: өнімділігі бірнеше есе жоғары алыс шетелдің ауыл шаруашылығы техникасын әкелуге субсидия беруді доғармақ. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қауымдастықтары арқылы үкіметті райынан қайтара алмаған фермерлер президент Тоқаевқа тікелей үндеумен жүгінді. Олар президенттен импорттық ауыл шаруашылығы техникасына субсидияны доғармауды өтінді. Шетелден тасылатын көлік пен техника атаулыны отандық баламасымен ауыстыру идеясы бұрыннан айтылып келеді. Дегенмен ол идея негізінен ресейлік, беларустік ауыл шаруашылығы техникасын шашып әкеліп, елімізде жинаудан алысқа ұзай алмады. Сонымен бірге, арадағы делдалдар кесірінен оның құны күрт көтеріліп шыға келеді.
Депутаттардың мәліметінше, Ресейде шығарылатын сепкіштердің орташа бағасы 1,6 млн теңге болса, бізде "шығарылғаны" 2,2 млн теңгеге дейін қымбаттайды.
Өнеркәсіп министрлігінің өкілі Шыңғыс Сүйінбаевтың айтуынша, Қазақстанда баламасы бар шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларына берілетін инвестициялық субсидияларды, яғни олардың құнының бір бөлігін өтеуді мүлдем жою ұсынылып отыр. Ал лизингтің сыйақы ставкасы 15%-ға дейін көтеріледі. Сөйтіп ол шағын және ортанқол ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қолжетімсіз болып қалады. Оның орнына оларға елімізде жиналатын ауыл шаруашылығы машиналарын 6% арзандатылған лизингпен алуға кеңес беріледі.
Дегенмен ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге жақтасып, шенеуніктердің бұл қадамының дұрыстығына, әділеттігіне шәк келтірді. Вице-министр Азат Сұлтанов отандық өндіріс фермерлердің сұранысын қанағаттандыра алатынына күмән келтіреді. Үкімет субсидия мен лизинг шарттарын өзгерте салса, бұл аграршыларды қып-қызыл шығынға отырғызуы мүмкін: олар дилерлермен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу жөнінде нақты әрі көп миллиондық контрактілер бекітіп қойған. Ол машиналар солар үшін құрастырылуда. Инвестсубсидия берілмесе, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер шығынды көтере алмай қалады. Бұл контрактінің бұзылып, айыппұл, басқа да санкциялардың салынуына соқтырмақ. Мысалы, әлемдік жетекші зауыттар бұдан былай сенімсіз серіктес ретінде Қазақстанмен істес болудан бас тартады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение