Мәзір

Фермерлерді субсидиялауға бюджетте 124 млрд теңге жетіспейді

07.08.2023
Фермерлерді субсидиялауға бюджетте 124 млрд теңге жетіспейді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында субсидиялау мәселесі әлі де шешілмей келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, мемлекет фермерлерге 124 млрд теңгеден астам субсидияны әлі өтемеген, деп хабарлайды World of NAN.

«Субсидияға қажеттілік шамамен 124,5 млрд теңгені құрайды. Мәселен, Ақмола облысында фермерлерге арзан сүт үшін соңғы төлем осы жылдың наурыз айында жасалған. Құс еті бойынша да осындай жағдай. Сондай-ақ, өңірлерде жаңа ұсыныстар бойынша мөлшерлемені субсидиялауға қаражат жоқ», - деді Жигули Дайрабаев.

Субсидиялау қажеттілігі туралы жиынтық ақпарат бойынша, Ақмола облысында – 33,9 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 16,8 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысында – 5,4 млрд теңге, Жамбыл облысында – 12,4 млрд теңге, Жетісуда – 5,4 млрд теңге, Маңғыстауда – 0,8 млрд теңге, Павлодарда – 4,7 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 44 млрд теңге, Ұлытауда – 0,5 млрд теңге және Астанада – 0,6 млрд теңге қаражат тапшылығын анықталды.

Мәжілісмен атап өткендей, Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі кемшіліктер қолдау шараларының уақытылы берілуіне әсер етті. СБМАЖ жүййесінде (ЕГИСС) тез арада шешуді талап ететін бірқатар кемшілік әлі де бар.

Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» қаржыландыруды 170 миллиард теңгеге дейін, ал «Аграрлық несие корпорациясы» тек «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды 140 миллиард теңгеге дейін ұлғайтқан күннің өзінде «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары бойынша қаржы тапшылығы байқалып отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы жалғыз мамандандырылған мекеме екенін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенге қаражат тарту әрі оларды кейіннен несиелік серіктестіктерді қаржыландыру арқылы несиелендіру бағдарламаларына бөлу бойынша жұмысты жандандыру қажет. Ауыл шаруашылығы дақылдарының қазіргі қолайсыз нарықтық бағасы шаруалардың көпшілігіне тіпті ең төменгі рентабельдікке қол жеткізуге мүмкіндік бермейді», - деді Жигули Дайрабаев.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии