Мәзір

Фермерлерге Азық-түлік корпорациясымен үшжақты келісім қажет

29.02.2024
Фермерлерге Азық-түлік корпорациясымен үшжақты келісім қажет

Фермерлер көктемгі егіс маусымы үшін Азық-түлік корпорациясынан форвардтық сатып алу бойынша қарыз алғысы келеді, бірақ корпорация өткен маусымда жоғары өнім алғанын кепіл ретінде көрсетуді талап еткен. Ал былтыр ауа райының қолайсыздығынан фермерлердің басым бөлігі астықсыз қалған еді. Сенатор Ернұр Әйткенов үкімет басшысының орынбасарына жолдаған сауалында осы мәселені көтерді, деп хабарлайды World of NAN.

«Қазақстан фермерлер қауымдастығының Павлодар филиалы Азық-түлік корпорациясы форвардтық сатып алуды жариялағанын және Павлодарда құрғақшылық болғаны баршаға мәлім факт екеніне қарамастан 2022-2023 жылдарға арналған бидайдан гектарына кемінде 10 центнер, күнбағыс бойынша гектарына 8 центнер орташа өнімділік шартын қойғанын хабарлайды. Өңірдегі фермерлердің көпшілігі 2023 жылғы несиесін пролонгациялаған, ал биыл несие алуға кепілі жоқ. Демек, шаруалардың несие тартуына іс жүзінде ешқандай мүмкіндік жоқ», - деді сенатор Ернұр Әйткенов.

«Қазақстан фермерлері қауымдастығының» Павлодар филиалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру тетігін «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы үшжақты келісіммен қамтамасыз ету арқылы іске қосуды ұсынып отыр: Корпорация – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – өңдеуші.

Осы схема бойынша Азық-түлік корпорациясы фермерлерді белгіленген бағаның 70% мөлшерін алдын ала төлеу арқылы қаржыландырады, осылайшы фермерлер өнімділіктің жоғары болуы немесе басқа елдердің баға демпингі әсерінен болуы мүмкін ауылшаруашылық өнімдері бағасының күрт төмендеуінен сақтандырылады. Егінді жинаған соң фермерлер өнімді тікелей өңдеу кәсіпорындарына жеткізеді, содан кейін олар Корпорациядан қалған соманың 30% мөлшерінде қосымша төлем алады. Ал өңдеуші кәсіпорындар шикізатты жыл бойы өңдеп, оны сатудан түскен табыстың бір бөлігін Азық-түлік корпорациясына төлеп отырады.

Сенатор премьер-министрдің орынбасары Жұманғариннен бұл мәселені шешуге ықпал етуді сұрайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии