Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс және егін жинау кезінде фермерлер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Бұл жөнінде World of NAN тиісті ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Былтырғы егіс және егін жинау маусымында министрлік операторларға қажет дизельді отын мөлшерін уақытылы хабарламай, фермерлер жанармайға қол жеткізе алмаған еді. Одан бөлек операторлар да шығынға ұшырады. Министрлік осыған ұқсас кемшіліктерді жою үшін ережеге өзгерістер енгізді.
Бұдан былай жеңілдетілген дизель отынын алуға өтінім беру кезінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бірыңғай өтінім беру нормасы енгізіледі. Операторларда жеңілдікті дизель отынының қалдықтарын толық және мақсатты пайдалану үшін АШМ жобаға ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша жеңілдікті дизель отынының қалдықтарын пайдалануға болатын агротехникалық жұмыстардың қосымша түрлері бойынша нормаларды енгізеді. Бұл ретте дизель отынының бекітілетін көлемі оператордың жеке кабинетіне келіп түскен дизель отынын тиеп жөнелтуге арналған өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
Сонымен қатар, 30 күнтізбелік күн ішінде жеңілдікті дизель отынын тиеп жөнелтуге фермерден өтінім және төлем болмаған кезде бөлінген дизель отынының көлемін жою жөніндегі нормалар енгізіледі.
Бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы толығырақ министрліктің сайтындағы құжаттан білуге болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение