Мәзір

Фермерлер 118 млн долларына ет экспорттады

11.12.2023
Фермерлер 118 млн долларына ет экспорттады

Биыл қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстан 118,7 млн АҚШ долларына 41,1 мың тонна жаңа сойылған, мұздатылған және салқындатылған ет пен субөнімдер экспорттады. Бұл туралы World of NAN порталы energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жылдық өсім физикалық мәнде 37,6%, ақшалай түрде 15,1% болды.

Экспорттың ең көп көлемі ТМД елдеріне жіберілді: 39,7 мың тонна — былтырғыдан 40,8% артық. Негізгі импорттаушылар Өзбекстан (17,5 мың тонна, бір жылда 5,7% көбейген), Ресей (15,7 мың тонна) және Қырғызстан (5,9 мың тонна).

1,4 мың тонна әлемнің басқа елдеріне жөнелтілді — былтырғыдан 16,4% аз. Мұндағы көшбасшылар Біріккен Араб Әмірліктері (1,1 мың тонна) және Кувейт (234,6 тонна).


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии