Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11 айда 855 млрд теңгені құрағанын айтты. Бұл жөнінде World of NAN порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Биыл 65 сүт фермасын ашу үшін 100 млрд теңге бөлінді. Алдағы 2 жылда ішкі нарықты сүтпен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ құс фабрикалары мен сақтау қоймаларын салуға келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлінетін болады. Бұл бізге құс еті экспортын арттыруға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге 130 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Нәтижесінде биыл елімізде 207 инвестициялық жоба іске қосылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение