Алматы облысының шаруалары пияз қорын сатуда мәселеге тап болып отыр. Бұл туралы World of NAN порталы сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарында үкімет пиязды экспорттауға тыйым салған болатын. Мұндай шара қалыптасқан сауда жолдарын бұзып, фермерлерге үлкен шығын әкелді. Бұл тыйымдардың нәтижесін диқандар әлі де көріп жатыр.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков жұмыс сапарымен Қонаев қаласында болып, өңірдегі көкөніс өсірушілермен кездесті. Ол «Алтын Орда» базарындағы бос орындар және пияз сатудың басқа да мүмкіндіктері туралы айтты.
Ол сондай-ақ диқандарға пиязды басқа елдерге экспорттауға болатынын еске салады. Өткен жылы қарым-қатынас бұзылып қалса да, «Qaztrade» АҚ арқылы Өзбекстан, Ауғанстан, Иран елдеріне пияз сату туралы ұсыныстар жіберілген. Қазірдің өзінде ауғанстандық кәсіпкерлер қызығушылық танытып үлгеріпті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение