Мәзір

Фермерлер сүт фермасын тұрғызудан бас тартып жатыр

14.05.2024
Фермерлер сүт фермасын тұрғызудан бас тартып жатыр

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жергілікті сүт және ұн өнімдерін өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды World of NAN.

«Андас Агро» ЖШС иесі Зейнолла Сәлменбаев сүтті өткізетін жер болмауына байланысты сүт фермаларының құрылысын тоқтату қажеттігін айтты.

«Мен ферма салған едім, ол тұралап тұр. Біз жобаны қайта өңдеп, көкөніс қоймасын жасап жатырмыз, енді сүтпен айналыспаймыз. Бұл тиімсіз болса, ешкімге керегі болмаса, оны жасаудың не қажеті бар?» - деп, кәсіпкер қолын бір-ақ сілтеген.

Ол осы жобаға қазірдің өзінде сегіз миллиард теңгеге жуық қаржы құйыпты. Оның айтуынша, 2023 жылы Қазақстан 400 миллион доллардың сүт өнімдерін импорттаған. Отандық өндірушілерді еш қорғамайды, ал Ресей қазақстандық өнімді нарыққа жібермей отыр.

«Бізді Ресейге мүлдем кіргізбейді: олар өнімнің ішінен таяқшалар тауып алып жатады, ал ондай жағдайда өзіңнің дұрыстығыңды дәлелдей алмайсың. Сонымен қатар Ресейден келетін сүт өнімдеріне дәл қазақстандық өндірушілердікіндей баж, салық және үстеме баға белгіленген. Бұл маған үлкен кемшілік сияқты көрінеді. Беларусьте салық режимі мен сауда желілерінің үстеме мөлшерлемелерінде көптеген жеңілдік бар. Олардың тауарларының үстеме бағасын көтеру керек, ал біздікіне төмендету қажет», - дейді «ЭкоДом-Павлодар» ЖШС директоры Марина Рейдина.

Кәсіпкерлер 2024 жылы сүтті жеткізудің техникалық регламентін қабылдауды ұсынды. Қазақстанның өнімін импорттайтын елдер қазақстандық сүт және сүт өнімдеріне қандай талаптар қойса, Қазақстанның да олардың өніміне дәл сондай талаптарды белгілеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бөлшек сауда нүктелеріндегі сөрелердегі отандық өнімдердің шетелдік өнімдермен салыстырғандағы пропорциясын 70% және 30%-ға жеткізу қажет.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии