Ойыл ауданының прокуратурасы бруцеллез ауруына шалдыққан және иелерінен алынып арнайы мал сою цехтарына тапсырылған 3 кәсіпкердің ірі қара малдарына өтемақы өтелмегенін анықтады. Бұл туралы World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мал дәрігердің қатесінен 2023 жылдан бері «Тұрар» шаруа қожалығының мал сою цехына тапсырылған 11 ірі қара малына 1,5 млн. теңге өтемақы төленбеген.
Дәл осылай «Сенім» шаруа қожалығына 800 мың теңге және «Әділет» шаруа қожалығына 676 мың теңге өтемақы төленбей келген.
Қадағалау актісі бойынша облыстық ветеринария басқармасы тарапынан 3 кәсіпкерге 3 млн теңгеден астам өтемақы төленді, бұзушылыққа жол берген жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение