Шетелдік ғалымдар ауыл шаруашылығын қалалық жерлерде дамытудың артықшылықтарын айтты. Ол тұтынушыға азық-түлікті жеткізу шығындарын азайтып, жабайы өсімдік пен жануарлардың табиғи ортасының сақталуына көмектеседі екен. Бұл туралы World of NAN порталы Nature Food журналы жариялаған зерттеуге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Nature Food журналында жарияланған жаңа мақалада пәнаралық сарапшылар тобы, оның ішінде Иллинойс Урбана-Шампейн университетінің зерттеушісі қаладағы ауыл шаруашылығының артықшылықтары мен кемшіліктері тақырыбында бүкіл әлем бойынша жүргізілген зерттеулерге шолу жасап, қалалық жердегі ауыл шаруашылығын кеңейтуді ұсынды.
Зерттеу авторларының бірі Хлоя Уордроппер 2050 жылға қарай әлем халқының үштен екісі қалалық жерде тұрады деп күтіліп жатқанын айтады. Бұл аймақтардағы тұрақтылық импорттық азық-түлікке деген қатты тәуелділікке байланысты бұзылуы мүмкін. Қалалық ауыл шаруашылығын кеңейту болашақта қалалық аймақтардың тұрақтылығы мен әл-ауқатын жақсартуы мүмкін, бірақ Уордроппер оны қалай кеңейтуге болатыны мен қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және әділеттілік мәселелерін шешуге байланысты жауапсыз сұрақтар әлі де бар екенін айтты.
Қалалық жердегі ауыл шаруашылығы вертикаль жылыжайлар, гидропоника, аквапоника, т.б. заманауи әдістар есебінен дами түсуі керек.
Дегенмен зерттеушілер қалалық ауыл шаруашылығы түпкілікті шешім емес екенін айтады. Қала мен ауыл арасындағы байланыс жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі және тұтыну саласында маңызды болып қала береді.
«Біз климаттың өзгеруі жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолда бар бүкіл құралы пайдалануымыз керек», - дейді зерттеушілер. «Қалалық ауыл шаруашылығы әсіресе ауа-райының қолайсыздығына байланысты импорт кенет тоқтауы мүмкін қалалар үшін маңызды болуы мүмкін».
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение