Британия ғалымдары ірі қара мал рационына нәркес сығындысын қосу бойынша төрт жылдық тәжірибе жүргізіп жатыр. Мұндай амал ірі қара малдың кекірігіндегі парниктік газ – метанның мөлшерін айтарлықтай азайтады. Бұл туралы World of NAN порталы Euronews арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Атмосфераға тарайтын антропогендік шығарындылардың шамамен 14%-ын мал шаруашылығы құрайды деп саналады. Ғалымдар нәркес сығындысы сиырлардың ас қорытуын жақсартады деп үміттенеді. Алдын ала зерттеу нәтижелері нәркес сығындысы ірі қара малдың метан газын азырақ бөлуіне себеп болатынын көрсеткен. Әңгіме нәркес сығындысында кездесетін галантамин химиялық қоспасы жайлы болып отыр. Бұрыннан бері альцгеймер ауруын емдеуде қолданылып келген галантаминнің метан бөліндісін баяулататын қасиеті де анықталған.
Сәтті аяқталған жағдайда үлкен өзгерістерге жол ашатын төрт жылдық зерттеу экспериментін қазіргі сәтте британ үкіметі қаржыландырып жатыр.
«Дәл қазір біздің алдымызда қазір таңғаларлық жағдай тұр. Оның қуаты әлемді бірнеше деңгейде өзгертуге қауқарлы. Бұл өте қызық және таңдай қақтырарлық», - дейді, тәжірибеге зор үміт артқан зерттеушілер.
Бұл сынақ климаттың өзгеруіне қарсы шешім болмаса да, сәтті аяқталған жағдайда, парниктік газ шығарындыларын азайтып, жаһандық температураның көтерілуін бәсеңдетуге көмектеседі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение