«Қазгидрометтің» жаңартылған болжамы бойынша, маусым айында қалыпты құрғақшылық күтілетін аумақтардың ауданы ұлғайды, деп хабарлайды World of NAN.
Атап айтқанда, атмосфералық құрғақшылық мыне аймақтарда күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақиян аудандарында;
Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
Абай облысының Аягөз және Үржар өңірлерінде;
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы аудандарында.
Маусым айында Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар жырау, Осакаров аудандарында, Қарағандыда және Павлодар және Ақмола облыстарының едәуір бөлігінде қалыпты ылғалдылық күтіледі.
Республиканың қалған бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтілуде.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение