Мәзір

Үкімет басшысы Ақмола облысындағы астық жинау науқанының барысын тексерді

09.09.2021
Үкімет басшысы Ақмола облысындағы астық жинау науқанының барысын тексерді

Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысындағы күзгі дала жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды World of NAN Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында жаздық егіс алқабы 5 млн гектарды құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,5 млн га (108,4 мың гектарға өсім), майлы дақылдар – 266,5 мың га (+56,8 мың га), жүгеріні қоса алғанда жемшөп дақылдары – 191,4 мың га (+6,1 мың га), картоп – 20,6 мың га, көкөністер-3,5 мың га.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша 3,5 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 78% бастырылды. 8 ц/га орташа өнімділікте 2,8 млн тоннадан астам астық жиналды. Қысқы кезеңге дайындық аясында 1,2 млн тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 95%, 176 мың тонна пішендеме (жоспардың 72%), 43 мың тонна сүрлем (23%), 152 мың тонна (15%) сабан дайындалды. Қолайлы ауа-райы жағдайында егін жинау науқаны қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Үкімет басшысы Жақсы ауданындағы күзгі-алқаптық жұмыстармен танысып, «Агрофирма TNK» ЖШС өндірістік алаңдарының бірінде болды.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,9% өсіп, 154 млрд теңгені құрады. Өңделген ет өндірісі 50,1% (47,1 мың тонна), шұжық өнімдері 31,6% (1,6 мың тонна), сүт өнімдері 1,9% (60,5 мың тонна) артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында аграрлық секторға негізгі капиталға салынған инвестициялар 60,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 2 есе артық.

Нұр-Сұлтан қаласының айналасында Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2021 жылы жалпы сомасы 41,7 млрд теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру - бордақылау алаңдарын, сүт-тауар фермаларын, құс фабрикаларын, астық және көкөніс қоймаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кешендерін салужоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанда егін жинау науқаны ағымдағы жылы уақтылы басталды, бүгінгі күні 11,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарнемесе 74,3% жиналды, орташа өнімділік 8,7 ц/га болған кезде 10,3 млн тонна бастырылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии