Мәзір

GLOBALG.A.P стандарттары не үшін қажет?

20.11.2019
GLOBALG.A.P стандарттары не үшін қажет?

GLOBALG.A.P - ауыл шаруашылығындағы әлемдік стандарттар Қазақстанда енгізілуде

Еуропа мен Америка елдерінің нарығына отандық ауыл шаруашылығы өнімдері қалай шығады? Фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге не қажет? Өнім мен қаптамаға қандай талаптар қойылады? Қазақстан экономикасы үшін GLOBALG.A.P стандарттарын енгізудің қандай артықшылықтары бар?

Осы туралы халықаралық GLOBALG.А.P ұйымының сарапшысы, Орталық Азиядағы, Латвиядағы және Ресей Федерациясындағы техникалық менеджері, Эдите Страздина ханым 2019 жылғы 19 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесі барысында баяндады.

GLOBALG.A.Р стандарттарын енгізу және дамыту Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде енгізілген маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

GLOBALG.A.Р – бұл тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды амтамасыз етуге арналған стандарттар жүйесі.

GLOBALG.A.Р бойынша сертификаттау ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірушілерге және мал өсіретін фермерлерге, балық өнімдерін өндірушілерге қажет.

Анықтама. Еуропада алғашқы сертификатталған шаруашылықтар 2003 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта өндірушілер арасында сертификатталған 90-нан астам ел, ал GLOBALG.A.Р сертификаты бар шаруашылықтардың жалпы саны шамамен 100 мыңды құрайды.

GLOBALG.A.P. сертификаттау негізгі өнімнің бақыланатын өндірістік үрдістерін қамтиды және жабайы жануарларға, балықтарға және а/ш дақылдарына қолданылмайды.

 

GLOBALG.A.P. сертификаттау адамдардың жаңа немесе қайта өңделген күйде тұтынуына арналған жемістер мен көкөністерді қамтиды.

Осылайша, бүгінгі күні GLOBALG.A.P. әлемдегі өнімнің қауіпсіздігін сертификаттаудың ең көп таралған жүйесі болып табылады.

Спикер Эдите Страздина ханым фермерлер үшін тұтынушылардың өнімнің қауіпсіздігіне, сапасына деген сенімін арттыру, тексеруші органдар тарапынан сенім, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және халықаралық нарыққа шығудың басты мүмкіндігі ретінде GLOBALG.A.Р. стандарттарын енгізудегі пайданы атап өтті.

Аталған іс-шара фермерлер мен отандық өндірушілерге GLOBALG.A.P. жүйесін енгізу жөнінде түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға және фермерлердің қаржылық шығындарын азайтуға септігін тигізеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии